Асүйде керек кеңестер
Қолыңызға байқамай «Момент» желімін жұқтырып алып, кетіре алмай әлектенсеңіз, ластанған жерге кілегей майын (маргарин) жағыңыз да, бірнеше минут күтіңіз. Содан соң бұл жағымсыздықтан құтыласыз.
Картопты қайнатқан кезде тұзды пісуге жақындағанда салу керек.
Көкөністерді қайнатқанда тек қайнаған суға салу керек, суына лимон сығындысын қосқан артық бомлайды. Қақпағы ыдыс бетін толық жабатындай және қою түсті болуы керек. Піскен бойда судан шығарып алған дұрыс.
Қызылшаны қайнатқанда қанық қызыл түсін жоғалтпасын десеңіз, қант не алма сіркесуын қосыңыз.
Үйден жағымды иіс шығып тұрғанын қаласаңыз, лимон қабығын суда бірнеше минут қайнатыңыз.
Нан ұзақ уақыт балғын күйінде сақталсын десеңіз, оны жанына картоп, алма не аздаған тұз қойыңыз.
Ас үй майлықтарын кірінен оңай арылту үшін түні бойы ұйыған сүтке (айран, қатық) салып қойыңыз.
Сүт қайнатқанда тасып кетпеуі үшін ыдыс сыртына май жағыңыз.
Балғын картоп қабығын тез ашу үшін алдымен тұзды суық суға салып қойыңыз.
Асбұршақ, үрмебұршақ тез пісуі үшін түні бойы суық суға салып, жібіткен дұрыс.
Балды дұрыс таңдау үшін:
– таяқша алып, бал ішіне салып араластырып көру керек. Таяқша оңай айналса, бал табиғи емес.
– балға саусақ батырып көру керек, сәлден соң саусақтар бір-біріне жабыспаса, балға қант қосылғаны.
– нағыз бал тамшысы саусақ тырнағына жайылмауы керек.